Біздің аудан 1933 жылы Батыс Қазақстан облысының құрамында құрылды, сол кезде ауданның қаржы бөлімі де ұймдастырылды. Әр жылда қаржы бөлімін Ф.М.Солодовников, Б.Ш.Каримов, А.С.Жабалбаева, Е.А.Жармухамбетов, С.А.Жумалиева, А.Б.Кабашев, Г.А.Сисекенова, С.Б.Нургалиева, А.Т.Жоламанов, Г.Б.Сарсенова басқарды.

Көп жылдар бойы жауапты лауазымдарда қызмет еткен және әлі де еңбек етіп жастқан бұрынғы бөлім басшылары: Жабалбаева Айжан Сембеевна, Жармухамбетов Ермек Амантаевич, Жоламанов Адил Тауфикович. Бұрың ауданның қаржы бөлімінде қызмет атқарған мамандар қазіргі таңда қаржы саласында  өздерінің еңбек қызметін жалғастыруда: Валентина Владимировна Гарбуз, Кулкаев Алтай Есмагулович, Тугузбаева Салтанат Базарбаевна, Сисекенова Гульнара Альбековна, Тулегенова Альмира Мухитовна.

Біздің  алдымызда жұмыс жасаған Б.Ш.Мендыгалиев, Ж.Х.Ерешева, А.Гайнуллиев, Э.Ф.Каминская, О.Б.Сарсенов, С.Бисенов,  А.К.Махмудова,  Н.В.Вертинская, Г.А.Дубинская,  Р.М.Мадиев, К.А.Мадиева, М.П.Дубинская, Б.А.Кунурова, А.Я.Тищенко, А.А.Овчаренко,Б.Ш.Каримов, Ж.А.Уранбекова, З.И.Природа, М.Е.Чепижко, Т.Н.Сырчикова, А.Б.Джанназарова, ауданның экономикасы мен қаржы саласының дамуына бағаланбас еңбек жолын, өздерінің тәжірибесін және білімін жас ұрпаққа қалдырды.

Бүгін қаржы саласында бірінші дәрежелі, жауапты, қиын тапсырмаларды оңтайлы орындайтын, бюджетпен салық мәселесінің заңнамаларын тез меңгере алатын мамандар қызмет жасауда.

Қазіргі таңда бөлім басшысы болып Байрамова Гульвира Альбековна, бөлім басшысының орынбасары болып Хайруллин Руслан Максотович жұмыс жасауда. Бөлімде 5 бас маман қызмет етеді: М.Х.Ниткалиев, К.К.Сайтмухаева, А.З.Дусенова, М.А.Жаунбаева және Г.Н.Бестаубаева. Бөлімнің барлық мамандарының жоғарғы қаржы-экономикалық білімі бар. Бөлім мамандары уақытында мемлекеттік мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау регионалды орталықта оқудан өтеді.

Бөлім мамандары мәдениет және спорт іс шараларына белсенді түрде қатысып, жүлделі орын иегерлері атанып жүр.

Өз халқының игілігі мен жас, тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуіне септігін тигізіп жүру әр қаржыгердің үлкен мәртебесі.